Маңғыстау облысы ПД бастығының жеке қабылдауы өтті
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының жеке қабылдауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жанарбек Бақтыбаев өз мәселелерімен келген барлық тұрғынды қабылдады. Барлығы бес адам ПД бастығына жүгінді, нәтижесінде өтініштер қарауға қабылданды. Қабылдауға келушілермен әңгімелесу екі сағатқа созылды.
Азаматтардың ең өзекті мәселелерінің ішінде: алаяқтық әрекеттерді тергеу, әкімшілік материалдар мен жеке мәселелер болды. Сонымен қатар, кадрлық мәселелер саласында да өтініштер болды.
Қабылдау барысында полицейлердің лайықты жұмыстары үшін алғыс айтылды. Мәселен, облыс орталығының тұрғыны Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасының қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді. Олардың уақытылы әрекеттерінің арқасында жәбірленушінің мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.
Жанарбек Бақтыбаев жүгінген азаматтардың әрқайсысын мұқият тыңдап, өз кезегінде қарсы сұрақтар қойып, содан кейін жауапты лауазымды тұлғаларға адамдардың өтініштерін қарауды тапсырды, әрбір өтініш мұқият және қысқа мерзімде қаралатынын атап өтті.
– Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, заманауи технологияларды пайдалана отырып, біз барлық ведомство басшылығының және оның қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қатысуымен фронт-офистерде азаматтарды қабылдауды жүргіземіз, – деп атап өтті ведомство басшысы.