Екі күнде маңғыстаулық полицейлермен 80-нен астам қару иесі тексерілді
Екі күнде маңғыстаулық полицейлермен 80-нен астам қару иесі тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 17 мамыры мен 17 маусым аралығында Маңғыстау облысы аумағында атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерін заңсыз айналымнан алып тастауға бағытталған «Қару-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
– «Қару-2021» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қару иелеріне азаматтардың аңшылық қаруды және ІІО-да тіркелген өзін-өзі қорғау қаруын сақтау ережелерін сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізіледі,- деп атап өтті ПД бастығы Жанарбек Бактыбаев.
Іс-шараның екі күнінде облыстық департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен тұрғылықты жерлері бойынша 81 қару иесі тексеріліп, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 484 және 486-баптарына сәйкес сегіз әкімшілік құқық бұзушылық және заңсыз сақталған бір қару анықталды.