Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

OLX желісіндегі «сатып алушы» шымкенттікті алдап кетті

OLX желісіндегі «сатып алушы» шымкенттікті алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда алаяқтар түрлі сылтаулармен, төмен бағада тауар сатып алу, сату, арзан бағамен пәтер сатып алу, қызмет көрсету секілді жарнамалар арқылы жасалатын қылмыстар орын алуда.

Мәселен, 2021 жылдың 15 мамырында Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының 102 нөміріне  жергілікті жердің 26 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында «OLX» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу компьютерге арналған принтерді сатып аламын деп, алаяқтық жолмен есеп шотынан 85 мың теңге аударып алған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру