ШҚО-да 72 жастағы зейнеткерден 38 дана патрон тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысында 72 жастағы зейнеткерден патрондар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алтай қ. ПБ-ға криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 72 жастағы зейнеткердін гаражынан 38 дана патрон тәркіленгені туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Сараптамаға сәйкес алынған 38 дана патрон 7,62-39 калибрлі патрондар болып табылады, олар өздігінен оқталатын карабинге, автоматтарға, қол пулеметтеріне, аңшылық қаруға қолданылатын, ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.