Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ВАЗ-21099 жүргізушісі 21 жастағы қызды қағып кетті

Ақтөбе облысында ВАЗ-21099 жүргізушісі 21 жастағы қызды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамыр күні сағат 09-да ВАЗ-21099 автомашинасының 28 жастағы жүргізушісі Лесхоз кенті жағынан «Орск-Хромтау» жағына қарай реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, 21 жастағы қызды қағып кетті.

ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 47 ЖКО орын алды, онда 43 адам жарақат алып, бес адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, 3,5 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын ЖКО-ны қысқарту мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар (рейдтер, бейнероликтер және сыртқы жарнама шығару) жүргізуде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендерді жаяу жүргіншілер үшін қозғалыстың жаңа жағдайларына жауап беретін, оларды көлік құралдарының басып кіруінен сенімді қорғай алатын (жерасты, жерүсті және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінің, қауіпсіздік аралдарының, тротуарлардың, жол қоршауларының және т. б. жеткілікті саны) қажетті жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша шаралары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайды жол қозғалысының барлық қатысушылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ сақтаған жағдайда ғана жақсартуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру