Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған ойынхана иесі анықталды
Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған ойынхана иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 20 мамырда Еңбекші АПБ қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында «Теріскей» шағынауданы №67в үйде орналасқан «Империя» ойынханасы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына тіркелмей, сағат 22:00-ден кейін келушілерді қабылдаған. Қызметкерлері ойынхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп келген. Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, түсініктеме алынды.