Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда апаттық жағдай тудырған жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда апаттық жағдай тудырған көлік иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбада 21 мамыр күні сағат 23:49 шамасында Атырау қаласы, Азаттық- Абай көше қиылысының Орталық көпірге көтерілер тұсында белгісіз автокөліктің апаттық жағдай тудырғандығы жөнінде шағым түскен болатын.

Атырау қаласы ПБ-ның Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен аталған шағым бойынша дереу іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген маркасы BMW автокөлігінің 30-жастағы жүргізушісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөліміне (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК (29170 теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

 

– Айта кету керек, Ішкі істер Министрі полиция генерал-лейтенанты Е. З. Тұрғымбаев ІІМ-нің Алқа жиналысында ішкі істер органдарымен жуық арада атқарылуы тиіс сегіз тапсырма берген болатын, солардың бірі осы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымын бақылауды күшейту болып табылады. Осыған байланысты жоғарыда аталғандай жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіретін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстар күшейтілетін болады-деді, Атырау қаласы ПБ-ның Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру