Ақмола ҚАЖД-де “Кітап – біздің досымыз және кеңесшіміз” қайырымдылық акциясы өтті
Ақмола ҚАЖД-де “Кітап – біздің досымыз және кеңесшіміз” қайырымдылық акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бала кезінен кітап оқу арқылы адамның аналитикалық ойлау қабілеті қалыптасады, сөздік қоры толықтырылады. Оқу арқылы адам күйзелісті жеңілдетеді, бақытты болады, – деп атап өтті Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жинақтау бөлімінің редакторы Ирина Рыбалко.
Атбасар қаласының Ілияс Есенберлин атындағы орталық аудандық кітапханасы Ақмола ҚАЖД ЕЦ-166/4 жоғары қауіпсіздік мекемесімен көп жылдық бірлескен жұмыс аясында “Кітап – біздің досымыз және кеңесшіміз” қайырымдылық акциясын өткізді. Сотталған оқырмандар 500 көркем кітапты сыйға алды.
– Бұндай акциялар бөлімшенің кітапхана қорын толықтыру үшін қажет. Біздің мекемеде адамдар ұзақ мерзімді жазаны өтейді. Көптеген кітаптар бірнеше рет оқылып шыққан, ал осындай іс-шаралар кітаптарымызды жаңартуға көмектеседі. Біздің оқырмандар қабылдау туралы біліп, кітаптарды реттеп, ұнағандарын оқи бастады. Баспа басылымдарының жалпы қоры 14 мыңнан астам дананы құрайды. Бұнда көркем әдебиет, діни кітаптар, журналдар және мерзімді басылымдар бар. Сотталғандар кітапхананың оқу залында оқиды, сондай-ақ жасақ жатақханасына да өзімен бірге алып баруға болады, – деді мекеме бастығының орынбасары Женис Ибраев.