Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қарсы жолға шыққан 50 жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында қарсы жолға шыққан 50 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың басынан бастап  ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлімі бойынша 50 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, алты ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

– Мысалы, облыс орталығында Толстой көшесі бойынша 55 жастағы жүргізуші ВАЗ-21010 маркалы автокөлігін басқарып, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігіне қарай шығып кеткен. Ер адам алты айға жүргізуші куәлігінен айырылған. Тәртіпсіз жол қозғалысына қатысушылар құқық бұзушылардың негізгі үлесін құрайды. Бүгінгі таңда 47 мыңға жуық адам жол қозғалысы ережелерін сақтамаған, – деді Павлодар облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру