Қарағандылық полицейлер бейнекамера арқылы қалта ұрысын анықтады
Қарағандылық полицейлер бейнекамера арқылы қалта ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамырда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны жүгініп, қоғамдық автобустарының бірінде белгісіз біреу сөмкеден 46 мың теңге көлемінде ақшасы бар әмиянды ұрлап кеткенін айтты.
Қарағанды қаласының ПБ-ның жедел басқару орталығындағы бейнекамераның көмегімен автобус аялдамасынан асығыс түскен жігітті анықталды. Жедел-іздестіру кезінде 18 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Айғақты зат – жәбірленушінің әмияны алынды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.