Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мас халде жүк көлігін басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері мас халде жүк көлігін басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, Бәйдібек ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Лесбек Бекзат пен Қыдырәлі Ерболат рейдтік қызмет атқару кезінде, Шаян ауылы Тойжанов көшесінің бойында жол шетіне шығып келе жатқан ГАЗ-53 көліктің жүрісі күдік тудырып, тоқтатады.

Содан жүргізушінің құжатын тексеру барысында бірнеше кемшіліктер анықталады. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару), 230-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ жүргізушінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық куәландырудан өткізіледі. Нәтижесінде тұрғын орта дәрежелі мас халде көлік тізгіндеген болып шықты. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Құрметті көлік жүргізушілері! Жылдамдықты асырмаңыздар, ащы суды ішіп, рульге отырмаңыздар. Жолға шыққанда барлық құжаттарыңызды талапқа сай етіп алып жүріңіздер!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру