ШҚО-да 2 млн теңгеге жуық қарызы бар борышкер анықталды
ШҚО-да екі миллион теңгеге жуық қарызы бар борышкер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың бар-жоғын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелері 67 борышкерді анықтады.
ШҚО полицейлері бір тәулік ішінде 41 жастағы әйелді анықтады, ол банктің пайдасына шамамен екі миллион теңге көлемінде қарыз үшін іздеуге жарияланған еді. Аталған азаматша Алматы қаласында тұрып жатқаны белгілі болды. Жинақталған материал ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілді.