Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған автокөлік иелерін жауапқа тартты

Түркістан облысының тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған автокөлік иелерін жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері республикалық маңызы бар жолдарды күнделікті бекітілген кестеге сәйкес патрульдеп, құқық бұзушылықтарды анықтауда. Басты мақсат – жол апаттарының алдын алу мен заңның сақталуы.

Осындай кезекті жұмыс кезінде Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының полицейлері 25.05.2021 жылы шамамен сағат 15:45 кезінде «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолының Сайрам ауданынан өтетін 661 шақырымында жол ережесін өрескел бұзған автокөліктерді анықтап, бірден тоқтатты.

Полицейлердің анықтауы бойынша автокөліктердің ішінде жолаушы ретінде Шымкент қаласындағы мектептердің бірінің жоғары сынып оқушылары болған. Оқушылардың барлығы мегаполистің тұрғындары. Яғни бітіруші түлектер Шымкент қаласынан шығып Сайрам ауданына қарай бет алған.

Сол мезетте автокөліктердің иелері мен оқушыларға полиция қызметкерлері тарапынан жол ережесін сақтауға байланысты тиянақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар заң аясында автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша хаттама түзілді. Көліктер айыптұраққа қойылды. Болған оқиға полицейлердің бейнежетонына жазылған.

Сондай-ақ Түркістан облысының полицейлерімен бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға ескертеді: жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу мен маневр жасау жол апатына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар! Жол қателікті кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру