Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Несие алып беремін”: Шымкентте алаяқ ұсталды

“Несие алып беремін”: Шымкентте алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 мамырында Абай АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға несие шығарып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғандығын және қазіргі таңға дейін қайтармай жүргендігін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Абай ауданы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру