Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде кортеж ұйымдастырған жүргізушілердің барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңаөзенде кортеж ұйымдастырған жүргізушілердің барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзен қаласы патрульдік полиция ротасы қызметкерлерімен қызмет атқару барысында анықталған жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған барлық бейнежазбалардағы құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты тиісті әкімшілік хаттамалары жасақталды.

Атап айтсақ, 25 күні таңнан бастап тәулік ішінде Жаңаөзен қаласы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 110 дерегі анықталып, оның ішінде 26 автокөлік айыптұраққа жабылды. Ал, қалғандары әр түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтар бойынша. Осы айтулы күні жолдардағы ең көп деген құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару дерегі мен көлікті құжатсыз басқару деректері.

– Бұл күні барлық қызмет күшейтілген режимде қызмет атқарып, облыс бойынша құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Түлектердің барлық әрекеттері тәртіп сақшыларының жіті бақылауында болды, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру