Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық ер адам ауласына есірткі еккен

Түркістан облысының полицейлерімен екі тәулікте есірткіге байланысты жеті қылмыс анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өсіруге, сақтауға, сатуға заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында республика көлемінде 24-28 мамыр күндері аралығында “Дәрмек” іс-шарасы өткізілуде. Осы профилактикалық шараның екі тәулігінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жеті қылмыс анықталды. Оның ішінде, есірткі сату бойынша екі дерек, аса ірі көлемде сақтау және тасымалдау бойынша бір дерек, улы заттарды, психотроптық заттарды заңсыз сату бойынша екі дерек, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан – екі дерек. Ал, облыс аумағындағы дәріханаларда рецептсіз дәрілерді сату бойынша төрт әкімшілік құқық бұзушылық жайты анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мәселен, Жетісай АПБ КПБ-нің қызметкерлеріне жергілікті тұрғынның бірі үйінің ауласында есірткі затын өсіретіндігі жөнінде ақпарат келіп түскен. Аталған жайт бойынша тәжірибелі тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Есірткі егуде деген күдікпен жергілікті тұрғын анықталды. Тінту жүргізу барысында оның үйінің ауласында орналасқан егістік алқаптан есірткіге ұқсас төрт түп өсімдік айғақты зат ретінде табылып, алынды. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған төрт түп есірткі тектес өсімдіктің “ұйықтататын көкнар” екені айқындалды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркеліп, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы міндеттемеде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру