Ақмолалық коммерсант тұрғынды 16 млн теңгесіз қалдырды
Ақмолалық коммерсант тұрғынды 16 миллион теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының ПБ-на 51 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Әйел бизнес бойынша жосықсыз серіктес алдау жолымен өзіне тиесілі 16 млн. теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, ол өз кінәсін мойындады.
Тергеу барысында полицейлер тараптар арасында астық жеткізу туралы келісім жасалғанын, жәбірленуші төлем жасағанын, бірақ ол мәміле жасалған күннен бастап бірнеше ай өткен соң тауар алмағанын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты “күзетпен ұстау” процессуалдық бұлтартпау шарасы таңдалды.