Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құрылыс заттарын ұрлаған ер адам анықталды

Шымкентте құрылыс заттарын ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 мамырында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үй ауласында тұрған құны 60 мың теңге тұратын велосипедін, 30 мың теңге тұратын су қайнататын ыдысын, құны 20 мың теңге тұратын кілттер жинағын, сегіз мың теңге тұратын ағаш тескішін және құны үш мың теңге тұратын жел бергішін жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп, ұрлық жайты болған мекен-жайға тез арада жетті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізді.

Полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ұсталған ер адамның осыған ұқсас жайттарға қатысы бар екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру