Ақмолада учаскелік инспекторлар қарағайдың шабушысын анықтады
Ақмолада учаскелік инспекторлар қарағайдың шабушысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ағымдағы жылдың 28 мамырында Зеренді ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторларына орманшылық қызметкерінен “Көкшетау” МҰТП РММ Зеренді филиалының Грибновка орманшылығы аумағында ағаштарды кесу жүргізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қаскүнемнің 36 дана көлемінде қарағай тұқымының ағашын заңсыз кесгенін анықтады. Шығын сомасы 15 472 теңге көлемінде бағаланды.
Орман екпелерін заңсыз кескен деген күдікпен учаскелік инспектор Ризабек Қуанышбаев пен учаскелік инспектор Ардақ Нұрмұқанов Зеренді ауданының бір ауылының 22 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті өз ісін мойындады.
Ер адамның айтуынша, оған қоршау орнату, тіректер жасау үшін кесілген ағаштар қажет болды. Ол ағаштарды трактормен шығарып, өз үйінің ауласында түсірді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 187-б. 1-б. бойынша (Ұсақ ұрлық) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.