Қоғамдық жерде мас күйде болған 4 мыңға жуық павлодарлық жазаланды
Қоғамдық жерде мас күйінде болған төрт мыңға жуық павлодарлық жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алкогольді асыра пайдаланудан туындаған адамдардың әлеуметтік мінез-құлқының алдын алу полиция органдарының қызметіндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылады.
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде Павлодар облысының аумағында мас күйінде жасалған қылмыстардың төмендегені байқалады. Қылмыстың осы түрінің алдын-алудағы тиімді шаралардың бірі – алкоголизммен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу. Тек ағымдағы жылы ғана алкоголь және есірткіге тәуелді 192 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Күн сайын полиция уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына жеткізілетін масаң күйдегі адамдарды және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды іріктеуді жүзеге асырады, – деп хабарлады ПД-нің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.
ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша төрт мыңға жуық адам алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін жазаланды, 16 мың адам ОӘД-ге жеткізілді.
– Агрессияның ең көп таралған және әлеуметтік қауіпті түрлерінің бірі болып табылатын отбасындағы зорлық-зомбылық қоғам мен құқық қорғау органдарының назарын аударуда. Есепті кезеңде ғана отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 2 901 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының тағы бір пәрменді шарасы ҚР ӘҚБтК 54-бабын қолдану-құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу болып табылады. Құқық бұзушылықтарды қарау нәтижелері бойынша, полиция қолдаухаттары бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез – құлқына 399 ерекше талаптар, оның ішінде 328 адамның алкогольдік ішімдіктерді пайдалануына тыйым салуды белгіледі, – деп атап өтті Руфат Кенжин.
Халықпен тығыз қарым-қатынас жасау және құқық бұзушылықтарға жедел ден қою, адамдардың тұрғылықты жерлерінде жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін WhatsApp-та топ құрылды, оның құрамына ПИК төрағалары, үй бойынша аға қызметкерлер, учаскелік полиция инспекторлары және жергілікті полиция қызметтерінің бастықтары енді.