Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бір жылға жуық құқық қорғау органдарынан жасырынған алаяқ әйел ұсталды

Ақтөбелік полиция бір жылға жуық құқық қорғау органдарынан жасырынған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамыр күні Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында 55 жастағы әйелді ұстады. Ол 2020 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс (Алаяқтық) жасағаны үшін полиция органдарынан жасырынып жүрген.

2019 жылы іздеудегі адам пайдакүнемдік мақсатта интернет-сайттарды пайдаланып заңсыз байыту ниетімен азаматтарды «Финанс» және «Fenix-24.net» депозиттеріне ақша салуға тартқан, бұл ретте оларға ақшаларын 40% үстеме пайдамен қайтаруға уәде берген.

Ұсталған әйел Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру