Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері велосипед ұрлаған жігітті ұстады

Түркістан полицейлері велосипед ұрлаған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданды. Тұрғынның айтуынша, оның үйінің ауласына түнгі уақытта белгісіз біреулер кіріп, құны 65 мың теңге болатын велосипедін жымқырып кеткенін айтқан.

Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, тұрғынның мүлкін ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұрлық орнынан бірнеше шақырым жерден «ізін суытпай» ұстады. Сондай-ақ түлкібастық полицейлер күдікті азаматтың жымқырған велосипедті базарлардың біріне 10 мың теңгеге бағалап, сатып жібергенін де анықтады. Күдікті өз әрекетін толық мойындады. Учаскелік инспекторлар жігіттен ұрланған айғақты заттарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мүліктеріңіздің сақталуы үшін мұқият болу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру