Ақтөбеде жол қозғалысының жас инспекторлары ЖКО алдын алуда полицияға белсенді көмек көрсетуде
Ақтөбеде жол қозғалысының жас инспекторлары ЖКО алдын алуда полицияға белсенді көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 16 мамыр мен 17 маусым аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ «өрескел» бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Хромтау ауданында Республикалық маңызы бар тас жолда «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді.
Акция шеңберінде «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолда жол қозғалысының жас инспекторлары командасы жол жүрісіне қатысушыларға жадынамалар, авариялық-қауіпті учаскелердің карталары және трассадағы медициналық-құтқару пункттері көрсетілген буклеттер тарата отырып, жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігі туралы ескертілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері «Самара Шымкент» автожолында 38 ЖКО тіркеліп, 19 адам қаза тауып, 74 адам жарақат алды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.