Шымкенттікті 7 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Шымкенттікті жеті миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 маусымында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғынынан арыз келіп түскен. Онда өзінің танысы үйіне келіп, шетелден DAF маркалы жүк автокөлігін сатып алып беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, жалпы жеті миллион теңге ақшасын алдап алып, осы уақытқа дейін қайтармай жүргенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.