Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзып, той жасағандар анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзып, той жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.

2021 жылдың 5 маусымында сағат 13:45-те Сайрам көшесі №166 үйде орналасқан «Гранд Хадиша» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Нақтырағы, 80 адамнан асатын үйлену той жасап жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсетіп, келушілердің дене қызуы мүлдем өлшенбейтіні анықталды.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды.

Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру