ШҚО полицейлері 4 жыл бұрын оның жоғалғаны туралы мәлімдеген ер адамнан мылтық тәркіледі
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері төрт жыл бұрын оның жоғалғаны туралы мәлімдеген ер адамнан мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 27 мамырында «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлеріне 66 жастағы жергілікті тұрғынның өзінде атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы ақпарат түсті.
Полицейлер бұл ақпаратты дереу тексеру барысында, 66 жастағы зейнеткердің үйін тінту кезінде, Глубокое ауданының тұрғыны, қосалқы бөлменің жанындағы дәлізде жалпы саны 100 данадан асатын мылтық пен түрлі калибрлі оқ-дәрілерге ұқсас зат табылды.
Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша алынған зат 16 калибрлі патрондармен ату үшін жарамды ИЖ-58 екі ұңғылы аңшылық мылтық екені, ал алынған патрондар ойық және тегіс ұңғылы қаруға арналған оқ-дәрілер болып табылатыны белгілі болды.
– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Атап өтетін бір жайт, 2017 жылы бұл адам мылтықтың жоғалғанын мәлімдеді, алайда жүргізілген шаралар барысында барлығы керісінше екені дәлелденді.
Сонымен қатар, полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске саламыз.