Павлодар облысында ер адам шекарадан электрошокермен өтпек болды
Павлодар облысында ер адам шекарадан электрошокермен өтпек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының Успен ауданында қаруды, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
– Осы кезеңде біз 90 рейдтік іс-шара өткіздік, оның барысында 118 жайылымдық учаскелер, шаруа және фермер қожалықтары және 131 азаматтық қару иесі тексерілді, – деп атап өтті Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.
Жедел-алдын алу шарасы кезінде Галикое ауылының тұрғынының гаражынан полиция қызметкерлері атыс жасауға арналған серіппелі механизмі бар металл түтіктерден тұратын екі қолдан жасалған атыс құралын тәркіледі. Сондай-ақ ер адамнан 38 патрон табылып, тәркіленді.
Осыған ұқсас фактіні учаскелік полиция инспекторы Равнополь ауылында аралау кезінде анықтаған. Мұнда үйлердің бірінен 216 дана тегіс ұңғылы қарудан патрондар табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы қару мен оның оқ-дәрілерін, оның ішінде газды және электрлі қаруды заңсыз алып өтуді анықтау мақсатында «Қосақ» және «Найза» шекара бекеттерінің жеке құрамы полициямен бірлесіп жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Ақсу қаласының тұрғынының шекара арқылы электрошокер алып өтуге әрекет жасау фактісі анықталды. Барлық көрсетілген фактілер бойынша сараптама тағайындалды. Заңсыз сақталған қаруды анықтау жұмыстары жалғасуда.