Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 24 жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 24 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 30 мамыр мен 8 маусым аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын басқарған 24 жүргізушіні ұстады.
Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді, сондай-ақ мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салады.