Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 74 қылмыс тіркелді

Шығыс Қазақстан облысында “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 9-16 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Тұрмыс” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары жиі жанжал орын алатын мекенжайларға, тұрмысы нашар отбасыларға барып, түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген құқықтар мен жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың жүргізіліп жатқанынан қарамастан, күнделікті ауыр және аса ауыр қылмыстар жасау фактілері жалғасуда.

2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 74 қылмыс тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру