Ақтөбеде ВАЗ жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті
Ақтөбеде ВАЗ жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусымда Ваз-21150 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі «Авиақалашық» ауданында ҚР ЖҚЕ бұзған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігін солдан оңға қарай көлік құралының қозғалысы бойымен, жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде жүріп өткен.
Жол апаты салдарынан 11 жастағы бала Ақтөбе қаласындағы балалар ауруханасына жатқызылды.
– Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолмен, ал олар болмаған жағдайда жол жиектерімен жүруі тиіс. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілер алдағы өткелдің қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана көлік жүретін жолға шыға алады, – деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.