Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 17 жастағы мотоциклші жол апатын жасады

Ақтөбе облысында 17 жастағы мотоциклші ВАЗ автокөлігімен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 маусымда сағат 16:30-да кәмелетке толмаған баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Хромтау ауданы Табантал ауылының 17 жастағы тұрғыны Baige LTS мотоциклімен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз және көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ Табантал ауылынан «№ 7 ферма» бағытында жүріп келе жатып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған, қарсы бағытта келе жатқан 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-21015 автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы ОБКА-ның жансақтау бөліміне жатқызылды.

 – Мұндай оқиғаларға тек ата-аналарды кінәлау керек екені анық. Өйткені олар жасөспірімдерге мотоциклдер, мопедтер, скутерлер немесе квадроциклдер сатып алып береді, олар ойыншықтан алыс емес, қауіпті деп ойламайды. Бұл қауіп ең жас жүргізушіге де, оның әлеуетті жолаушыларына да қауіп төндіруі мүмкін. Үлкендер өз баласының жүргізуші куәлігі мен көлік құралын басқару дағдылары жоқтығына еш алаңдамайды, бұл жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жарақаттың ауырлығын одан сайын күшейтеді, – дейді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Оның айтуынша, жасөспірімдер мототехникаға ғана емес, басқа да көлік құралдарына – автомобильдерге, тракторларға еркін қол жеткізе алатын жағдайлар да жиі кездеседі. Ересектер болмаған кезде мұндай қолжетімділікті пайдалана отырып, балалар мен жасөспірімдер осындай апаттарға әкеп соғатын жолдарға шығады. Ересектердің қарауынан және бақылауынан айырылған кәмелетке толмағандар қаза тауып, автоавариялардың салдарынан ауыр жарақаттар алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру