Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер үйден алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан тұрғынды анықтады

Павлодар облысында полицейлер үйден алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан ауыл тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары Павлодар облысы Тереңкөл ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғыны заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатынын анықтады.

– Павлодар облысы Тереңкөл ауданының полицейлері 15 маусымда сағат 00:40 шамасында ауыл тұрғынының рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, өз үй шаруашылығынан жергілікті тұрғынға көлемі 0,5 литрлік екі шөлмек арақ сатқанын анықтады, – деді Тереңкөл ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Асылбеков.

Кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз және алкоголь өнімін заңсыз сату фактісі бойынша ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 2-бөлігі және 200-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Ауыл тұрғынынан заңсыз сатылымдағы, құрамында спирт бар 118 бөтелке сұйықтық тәркіленді.
Осыған ұқсас құқық бұзушылық Тереңкөл ауылында да анықталды. Әйел өз үйінен Луговое ауылының тұрғынына алкогольдік сусын сатқан. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру