Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда «Мигрант» іс-шарасы қорытындыланды

Маңғыстауда «Мигрант» іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың маусым айының 7-16 аралығында Маңғыстау облысы көлемінде «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау.

Осы іс-шара аясында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

– Аталған іс-шараға Ішкі істер органының 145 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар  29 бірлескен топтар құрылды. Он күндік іс-шарада 1240 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.

– Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы) 796 шетелдік жауапкершілікке тартылды ;

– Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы) 395 ҚР азаматы жауапқа тартылды;

– Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабы) 49 адам анықталды;

– Сот шешіміне сәйкес ҚР аумағынан 65 шетел азаматы тысқары шығарылды, оның ішінде азаматтық процессуалдық негізде сегіз шетел азаматы;

– Іздеуде жүрген сегіз қылмыскер ұсталды.

Мәселен, 2021 жылы 7 маусым күні Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағын ауданында орналасқан құрылыс нысанын тексеру барысында заңсыз жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының 11 азаматы анықталды. Бұл азаматтарға қатысты ҚР-нің ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру