«Мигрант» іс-шарасы: Ақтөбе облысында 600-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды
Ақтөбе облысында 600-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында 2021 жылғы 7-16 маусым аралығында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша барлығы 1 011 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 582-і шетел және 429-ы Қазақстан Республикасының азаматтары.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 32 шетелдік шығарылды.
Ресей Федерациясының азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту фактісі анықталды, осы факті бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының азаматына тұрғын үй беру жолымен және шетел азаматтарына елге кіру үшін көлік құралын ұсыну жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған екі факт анықталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабының 1-бөлігі және 394-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.