Шымкенттік полицейлер телефон ұрлығын ашты
Шымкенттік полицейлер телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, Тұрысов көшесінің бойында орналасқан газет-журналдар сататын дүкенде өзіне тиесілі «Redmi Note A9» маркалы ұялы телефонын белгісіз әйел ұрлап кеткен. Телефонның құны – 80 мың теңге. Күдікті телефонды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №22 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді.
Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.