Балқашта қос ұры мекеменің темір қоршауларын ұрлап кетті
Балқашта екі ұры мекеменің темір қоршауларын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 маусым күні Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы мекемелердің бірінің өкілі хабарласып, белгісіз біреулер мекемені қоршап қойған төрт темір шарбақтарын ұрлап кетені туралы хабарласқан. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған.
Оқиға орынында тексеріс жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері қылмысты екі адам жасауы мүмкін деген болжамға келді. Өйткені жалғыз адам салмағы ауыр темір шарбақты көтеруі мүмкін емес.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қос күдікті анықталып. ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.