Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған шымкенттік полицей

Шымкенттік полицейлер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған әріптесі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы полиция майоры Ғалымжан Қатбаев Шымкент қаласы Полиция департаментінде 14 жылдан бері қызмет етуде. Ол тек өз ісінің білікті маманы ғана емес, үздік спортшылардың да бірі ретінде бүгінге дейін бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері жетерлікӨткен жылы Украинаның астанасы Киев қаласында жауынгерлік джиу-джитсу бойынша әлем чемпионаты өткен еді. Жарысқа әлемнің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысып, Қазақстаннан барған спортшылар арасында Ғалымжан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық спортшымен белдесіп, бірінші орынды иеленген.

Сонымен қатар 2021 жылдың 25-28-ақпан күндері аралығында Алматы қаласында жауынгерлік джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өткен. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысқан. Әлем және Азия чемпионаты жолдамасы сарапқа салынатын болғандықтан, жүлделі орындар әрбір спортшыға оңайға соқпағаны бар. Аталған додада Ғалымжан 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бәсекеге түсіп, финалда Алматы спортшысымен бәсекелесіп, екінші орынды иеленген.

32 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері 15 жыл бойы жауынгерлік джиу-джитсумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді. Жас болса да, бір емес бірнеше төсбелгілермен марапатталған: “Жауынгерлік джиу-джитсу халықаралық дәрежедегі спорт шебері”, “Азия чемпионы”, “Әлем чемпионы”, “Қоян қолтық ұрысынан спорт шебері”, “Қазақстан чемпионы және жүлдегері”, “Джиу-джитсу күресінен спорт шебері”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру