Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тәртіп сақшылары пәтер ұрысын қолға түсірді

Қарағанды тәртіп сақшылары пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусымда 50 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, дәл сол уақытта үйінде ұрлық болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеру кезінде белгісіз біреу терезе арқылы жәбірленушінің үйіне кіріп, жатын бөлмесінен 40 мың теңгені ұрлап кеткенін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру