Қарағандыда зейнеткер сөмкесін тартып алмақ болған қарақшыға қарсылық көрсетті
Қарағандыда зейнеткер сөмкесін тартып алмақ болған қарақшыға қарсылық көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусымда Қарағанды қаласы ПБ Михайлов полиция бөліміне белгісіз біреу, қарт адамды тонмақ болып шабуыл жасағаны туралы хабарлама түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің жасағы келді.
Зардап шегуші 70-жастағы зейнеткер екені анықталды. Қарт адам белгісіз біреудің алты мың теңге көлеміндегі қаражат пен құжаттар салынған сөмкесін алып кетпек болғанын түсіндірді. Жасы ұлғайғанына қарамастан, тонамақ болған ер адамға қатты қарсылық көрсетіп сөмкесін алып қалған. Қариядан мұндай қарсылық күтпеген күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция күдікті 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР ҚК-нің 24-191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.