Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қызмет бабында қаза болған әріптестерінің балаларына мереке алдында іс-шара ұйымдастырды

Алматы полициясы қызмет бабында қаза болған әріптестерінің балаларына мереке алдында іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері кәсіби мерекелері қарсаңында «Аманат» әлеуметтік үй-интернатының балалары мен ішкі істер органдарында қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне «Сокол» жарыс жолына саяхатты ұйымдастырды, мұнда балалар көңілді және қызықты уақыт өткізді.

– 44 ер бала мен қыз баланың қасында 18 ересек адам болды. Балаларға картингпен серуендеу, пейнтбол ойындары, автокөлік Мұражайына экскурсия, сондай-ақ, түскі ас фуршеті ұйымдастырылды. Сонымен қатар, арнайы жасақтың сарбаздары жасөспірімдерге кәсіби жабдықтар мен арнайы құралдарды көрсетті. Іс-шара жылы және көңілді жағдайда өтті, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру