Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда жанармай бекетіне ұрлыққа түскен ұры кассадан 200 мың теңгені қолды қылды

Түркістан облысының полицейлері тісқаққан ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға жанар жағармай бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда күндізгі сағат 16:30 шамасында Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан жанармай бекетіне белгісіз біреу терезесі арқылы ішке заңсыз кірген. Содан соң кассада болған 200 мың теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Қоңырау түсісімен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған топ оқиға орнына бет бұрды. Полицейлер шанқай түсте орын алған қылмыстық жайтты ашу мақсатында барлық шараларды рет-ретімен жүргізді. Жанармай бекетіндегі қызметкерлердің барлығынан жауап алып, бейнебақылау камераларын да ұқыптылықпен тексерді. Нәтижесінде небары жарты сағаттың ішінде күдікті ретінде сол бекеттің қызметкері ұсталды. Оның бұдан алдын ұрлық жайты үшін сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бірден қамауға алынды.

Белгілі болғандай жанар жағармай бекетінің кассирі бірер минутқа сыртқа шығып кеткен. Осы сәтті күткен күдікті байқатпастан ішке еніп, бейнебақылау камерасын басқа бағытқа бұрып қойған. Содан соң өзі көздеген қылмысын жасап, қайта жұмысына кіріскен. Күдікті ер азамат әр қадамын тәтпіштеп басқанымен, полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында арам ойы іске аспады. Осылайша күдіктіден қолды болған ақшалар тәркіленіп алынды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға қырағы болу керектігін ескертеді. Жақын таныс емес адамдарға сенбеуге шақырады. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру