Қарағанды облысында ЖШС-дан 400 мыңның затын ұрлаған ер адам анықталды
Қарағанды облысында ЖШС-дан 400 мыңның затын ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 маусым күні Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық Полиция басқармасына 40 жастағы ауылшаруашылық мекемесінің директорынан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреудің Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағына кіріп, тоқ беретін генератордың бөлшектерін ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған. Ең бастысы жәбірленуші арызында осы жасалған ұрлық салдарынан сүт өндіретін кәсіпорынның жұмысының тоқтағанын көрсеткен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
21 маусым күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.