Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған лоундж-барды анықтады
Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған лоундж-барды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 25 маусымында сағат 00:25-те аудан аумағында орналасқан «Мята» лоундж-бары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. «Ashyq» бағдарламасына тіркелместен, қызметкерлер мен даяршылар лоундж-бар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде. Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қор-қор ұсынғаны да белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған лоундж-бар әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы(Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.