Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу тұрғыны алаяқты ұстаған полицейлерге алғыс айтты

Ақсу қаласының тұрғыны алаяқты ұстаған полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Ақсу қаласының тұрғыны Юрий Кривошеевтен алғыс хат келіп түсті.

Хатта Юрий Кривошеев оның ақшалай қаражатын бір тәулік ішінде қайтаруға көмектескен Ақсу қаласының тергеушісі Дәулет Мусинов пен жедел уәкіл Жанат Шүкетаевқа алғыс білдірді.

Бірнеше күн бұрын ер адам полиция бөліміне автокөлік бөлшектерін сатып алуға жұмсалған ақшаны қайтаруға көмек сұрады.

Осы арызды тексеру барысында Дәулет Мусинов пен Жанат Шөкетаев сәуір айында Юрийдің Алматы қаласының интернет-дүкенінен өз автомобилі үшін қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергенін анықтады. Алайда ақшасын төлегенімен ол қосалқы бөлшектерін алған жоқ, ал сатушы тіпті байланысқа шықпай қойған.

Жедел-тергеу шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер «сатушыны» анықтап, ақша иесіне толық көлемде қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру