Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері отбасылық жанжалқойларды тексеруде

Петропавл полицейлері отбасылық жанжалқойларды тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күні Петропавлда қорғау ұйығарымы шығарылған 82 адам, мінез-құлқына сот ерекше талаптар белгілеген 56 құқық бұзушы, қолайсыз 130 отбасы, 326 нашақор және 1 066 маскүнем есете тұр. Бұл азаматтарды сақшылар «Жанұядағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы аясында тексереді.

Зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтық сауатсыздығы – негізгі проблемалардың бірі. Әдетте әйелдер полицияға қоңырау шалып, алкогольдік ішімдікке сылқия тойған күйеулерін «бір жерге алып кетуді» сұрайды. Алайда учаскелік инспекторға қандай да бір шара қолдану үшін заңды негіз қажет. Осы орайда уақытша ұсталғандарды камераға орналастыру үшін өтініш талап етіледі. Кейін учаскелік инспектор әкімшілік сотқа материал дайындайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бабында отбасылық жанжалқойларға ескерту немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жаза қарастырылған. Әрбір материалда полиция құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы өтініш қосады. Алайда оларды орындамаған жағдайда бөлек жаза қолданылады.

– Сотпен ерекше талаптардың белгіленуі – жанжалқойларға әсер етудің тиімді тетігі болып отыр, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. – Өкінішке орай, отбасылық зорлық-зомбылықтың көптеген құрбандары өтініш жазудан бас тартады немесе оларды кері қайтарып алады. Еске сала кетейік: адамға дене жарақаттары келтірілген жағдайда басталатын қылмыстық қудалау сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бойынша ғана жүргізілуі мүмкін. Көбінесе соққыға жығылған әйелдер сараптамадан жиі бас тартады. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, заңда көзделген қорғау тетіктерін түсіндіру және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті еске салу.

Жалпы акцияның үш күні ішінде есепте тұрған 359 адам тексерілген. 21 маусымда басталған «Жанұядағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы айдың соңына дейін жалғаспақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру