Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құны 300 мың теңге тұратын сиыр иесіне қайтарылды

Шымкентте құны 300 мың теңге тұратын сиыр иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 300 мың теңге тұратын екі жасар қара түсті, құлағында ені бар танасын және құны 40 000 теңге тұратын бұзауын белгісіз адамдар ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердің ізіне түскен.Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ УПП 39 УПИ қызметкерлерімен ұрланған мал Бадам өзенінің жағалауынан табылып, иесіне қайтарылды. Күдікті үйіне алып бармай, сол аумақта болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру