Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық 16 полицей бокс турнирінде жүлделі орындарды иеленді

Маңғыстаулық 16 полицей бокс турнирінде жүлделі орындарды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласында Қазақстан полициясының 29 жылдығына орай «Досан Батыр» спорт кешенінде әуесқой бокстан турнир өткізілді. Турнирге кәсіпқой емес боксшылар – кеңсе қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде тәртіп сақшылары да бар.

Жарыс жеті салмақ дәрежесі бойынша өткізіліп, әр дәреже бойынша жеңімпаздар анықталды. Барлығы 48 қатысушы болса, 16 жеңімпаз полиция қызметкерлерінен болды.

Сонымен қатар бокс турнирінде 15 команда бақ сынасып, бірінші орынды Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен құралған команда жеңіп алды.

– Бұл турнирдегі қызметкерлеріміздің көрсеткіштері көңіл қуантарлықтай. 16 қызметкеріміз жүлделі орындарды қанжығасына байлады. Өңіріміздегі мұндай шаралардың жиі болуы қатысушыларға да және спортты насихаттау мақсатында кейінгі өскелең ұрпақ үшінде өте жақсы дәстүр болмақ, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру