Қарағандыда велосипед ұрысы ұсталды
Қарағандыда велосипед ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол белгісіз біреу 65 мың теңгенің велосипедін ұрлап кеткенін айтып шағымданды.
Қала базарларының біріндегі автотұраққа тастап, дүкен аралап бір сағаттан кейін оралған ол велосипедін ұрланғанын білген. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
22 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.