Тыйым салынған діни ақпаратты желіге жүктеген атыраулық анықталды
Тыйым салынған діни ақпаратты желіге жүктеген атыраулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 жастағы Атырау қаласының тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған діни сипаттағы (ҚР аумағында тыйым салынған) аудиожазбалар орналастырған.
Атырау облысы Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімі үшін жиналған материалды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберді.