Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған діни ақпаратты желіге жүктеген атыраулық анықталды

Тыйым салынған діни ақпаратты желіге жүктеген атыраулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 жастағы Атырау қаласының тұрғыны “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған діни сипаттағы (ҚР аумағында тыйым салынған) аудиожазбалар орналастырған.

Атырау облысы Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімі үшін жиналған материалды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру